Amazon технологиялары e-Gov қызметінде пайдаланылады

0
852

Президент Amazon корпорациясының басшылығымен кездесті.


Amazon технологиялары e-Gov қызметінде пайдаланылады

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мемлекет басшысының Amazon корпорациясының вице-президенті Сьюзан Пойнтермен өткізген кездесуінің нәтижесі жөнінде пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін Президентіміз Amazon корпорациясының басшылығымен кездесті. Кездесуде ұлттық технологиялардың, ІТ-саласының цифрландыруды дамытуға қалай әсер ететіні талқыланды. Нақты айтсақ, Amazon веб-сервисінің Outpost дейтін шешімінің Қазақстанның eGov.kz порталының сервистерінде бұлтты технология арқылы қолданылуы талқыланды және келісімшартқа қол қойылды. Яғни, бүгіннен бастап, Amazon веб-сервисінің технологиялары e-Government-тің бірнеше қызметінде пайдаланыла бастайды», - деді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Amazon корпорациясының вице-президенті Сьюзан Пойнтермен кездесуі аясында Қазақстанның Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі («ҰАТ» АҚ) мен Amazon Web Services арасында Outpost «бұлтты» технология шешімін сатып алу және оны QazTech платформасымен интеграциялау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойылды.