Антикор: Алматы облысында кәсіпкерге негізсіз салық салынған

0
644

Негізсіз салынған салық сомасы - 2 млн теңгеге жуық.


Антикор: Алматы облысында кәсіпкерге негізсіз салық салынған

иллюстрациялық фото

Алматы облысында Мемлекеттік кірістер департементі кәсіпкерлерге заңсыз салық салған. Амалы таусылған кәсіпкерлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданған соң ғана орынсыз салық төлеуден құтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жер қойнауын пайдаланушлыар бірнеше миллион теңге салықты заңсыз төлеуге мәжбүр болған.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға сәйкес бұл салықты жер қойнауын пайдаланушылар ғана төлейді. Кәсіпкер тек жер қойнауын сатып алып, оларды одан әрі сатумен айналысқан, яғни жер қойнауын пайдаланушы санатына жатпайды. Бизнес субъектісі аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасына бірнеше рет жүгініп, нәтижеге қол жеткізе алмады», - деп хабарлады Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Департаменттің араласуынан кейін салықты төлеу туралы негізсіз хабарлама жойылды. Кәсіпкердің құқығы қорғалды.