​"АрселлорМиттал Теміртау" цехындағы апат: Оқиғаның мән-жайы айтылды

0
667

Тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылады.


​

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өкілдері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ еншілес кәсіпорны "Құрылысмет" ЖШС ұстапрестеу цехында болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп жазады Stan.kz.

"2022 жылдың 10 маусымында сағат 14:30 шамасында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ еншілес кәсіпорны "Құрылысмет" ЖШС ұстапрестеу цехында топтық жазатайым оқиға болды (Қарағанды облысы, Теміртау қаласы). Алдын ала деректер бойынша, жұмыс істемейтін термопештегі отқа төзімді қалауды демонтаждау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде пеш күмбезінің құлауы орын алған, нәтижесінде 5 қызметкер үйінді астында қалған. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы біреуі қалалық орталық ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Цехтағы жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылатыны айтылады. Тергеудің нәтижелері қосымша хабарланады.