​"АрселорМиттал Теміртау" комбинатында жұмысшы қаза тапты

0
1 075

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ метал комбинатының конвентерлы цехында оқыс оқиға орын алды. Жұмысшы үстіне құрылғы құлап, зардап шегуші сол жерде көз жұмды


​

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металл комбинатының конвентерлы цехында оқыс оқиға орын алды. Жұмысшы үстіне құрылғы құлап, сол жерде көз жұмды. Компанияның баспасөз қызметіндегілер бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ today.kz сайтына сілтеме жасап.

«Конвентерлы цехта дайын өнімді құятын машина тоқтаусыз жұмыс істеп тұрады. Осы құрылғы істен шығып, жұмысшы үстіне құлаған. Оқыс оқиға салдарынан 45 жастағы жұмысшы көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Ұжым қаза болған жұмысшының отбасына көңіл айтады»,- деді «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өкілі.

Қызметкерлердің айтуынша ауыр құрылғыны тек автокранмен көтерген. Құрылғы құлап кетіп, жұмысшыны мерт қылған. Қауіпсіздік техникасын кім бұзғандығы анықталуда.