Әскери техника жүреді: Қорғаныс министрлігі тыныштық сақтауды сұрады

0
335

Көлік қозғалысына уақытша шектеулер болуы мүмкін.


Әскери техника жүреді: Қорғаныс министрлігі тыныштық сақтауды сұрады

ҚР Қорғаныс министрлігі 13 наурызда Астана маңында әскери техниканың жүретіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың 13 наурызында Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана қаласының маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш жасайды. Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, министрлік аталған уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысының уақытша шектеулері енгізілуі мүмкін екенін хабарлады.

«Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.