Астанада ер адам балаларға шабуыл жасаған

0
261

Оқиға "Эдем палас 2" тұрғын үй кешенінде болған.


Астанада ер адам балаларға шабуыл жасаған

ERNUR.KZ. Астанада тұрғын үйлердің бірінде ер адам үш балаға шабуыл жасады, деп жазады inbusiness.kz.

Әлеуметтік желілерде ер адамның бір баланы бетінен тартып қалып, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырып жатқан сәті түсіп қалған видео тарады.

Оқиға "Эдем палас 2" тұрғын үй кешенінде болғаны айтылған. Бұл жайттан кейін балалардың ата-анасы полицияға арыз жазды.

"Байқоңыр аудандық полиция басқармасы сол үйдің 30 жастағы тұрғынын ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді Астана қаласының полиция департаменті.