Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап кетті

0
365

Қайғылы оқиға 30 маусым күні болған.


Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Елордада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

Қайғылы оқиға 30 маусымда Нәжімеденов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова аталған ақпаратты растап, іс бойынша сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Астана қаласының полиция департаменті ересектерге балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуды ескертеді.