Астанада жасөспірім қызды автобус қағып кетті

0
1 404

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2003 жылғы қыз оқиға орнында қайтыс болды


Астанада жасөспірім қызды автобус қағып кетті

ERNUR.KZ. Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі осы мәліметті растады, деп жазады Tengrinews.

«23 қазанда шамамен 14:40-та №40 бағытында жүретін автобус Кенесары көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жолдан өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2003 жылғы қыз оқиға орнында қайтыс болды», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондлай-ақ, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тергеу шаралары жүіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.