Астананың 20 жылдығына арналған сайт ашылды

0
1 624

Сайтта маусым айынан қыркүйекке дейінгі аралықта өтетін барлық мерекелік шаралардың кестесі мен уақыты, өтетін орыны, билет бағасы, БАҚ-қа арналған баспасөз хабарламалары, шара өтетін уақытқа жабылатын жолдар мен көлік тұрақтары туралы барлық мәліметтер жарияланады.


Астананың 20 жылдығына арналған сайт ашылды

ERNUR.KZ. Астана шаһарының 20 жылдығын атап өтуге арналған ресми сайт ашылды. Онда мерекелік шаралар туралы толық мәлімет алуға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Бүгіннен бастап елордамыздың 20 жылдығына арнайы өткізілетін іс-шаралардың ресми сайты іске қосылды. Баршаңызды www.astanaday.kz ресми парақшасына шақырамыз! Жоспар жасап, елордамыздың мерейтойын бірге атап өтейік», - деп жазды қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева өзінің Фейсбук парақшасында.

Сайтта маусым айынан қыркүйекке дейінгі аралықта өтетін барлық мерекелік шаралардың кестесі мен уақыты, өтетін орыны, билет бағасы, БАҚ-қа арналған баспасөз хабарламалары, шара өтетін уақытқа жабылатын жолдар мен көлік тұрақтары туралы барлық мәліметтер жарияланады.

Астананың 20 жылдығына орай елордада жыл бойы 630 шара өткізу көзделуде. Оған 19 млрд. теңгедей қаржы бөлінген.