Атырау облысында канал суына құлаған екі баланың бірі мерт болды

0
527

Ойнап жүрген балалардың екеуі канал суына құлап кеткен.


Атырау облысында канал суына құлаған екі баланың бірі мерт болды

ERNUR.KZ. Атырау облысында ойнап жүрген екі бала канал суына құлап кетті. Олардың бірі мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 14 наурызда Құрманғазы ауданының Бірлік ауылында болған.

Сол күні түнгі сағат 21:20-да Бірлік ауылында ойнап жүрген балалардың екеуі канал суына құлап кеткен. Соның салдарынан 10 жастағы бала суға батып, көз жұмған. Ал 7 жасар баланы ауыл адамдары құтқарып алған.

Құтқарылған бала аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір аталған дерекке байланысты тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Еске салайық, бұдан бұрын Атырауда Жайық өзенінің мұзы ойылып, суға батқан ер адам құтқарылғанын хабарлаған едік.

Кейін жолды қысқартпақ болған әйел Жайық өзенінде мұз астына түсіп кеткенін жазған болатынбыз. Балықшылар Жұмыскер шағынауданы маңында өзен астына 1 адамның түсіп кеткенін көрген. Құтқарушыларға хабар беріп, өздері суға батқан адамды құтқаруға ұмтылған. Жедел жеткен құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел кезекші әйелді судан алып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол облыстық ауруханаға жеткізілді.