Атырауда браконьерлерден бекіре мен есірткі тәркіленді

0
2 377

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, үш күдіктінің есірткі өнімдері мен бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтағаны анықталды.


Атырауда браконьерлерден бекіре мен есірткі тәркіленді

ERNUR.KZ. Атырауда 120 келіден астам бекіре мен есірткіні заңсыз сақтаған үш адам ұсталды, деп жазады BAQ.KZ.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, үш күдіктінің есірткі өнімдері мен бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтағаны анықталды.

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Атырау қалалық полиция басқармасының №1 қалалық бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде үш ер адамды анықтап, ұстады. Олардың біріне тиесілі көлік гаражын тінту кезінде салмағы 101 келі қара балық, 20 келі бекіре тұқымдас балықтар түрлері, 7 дана көлемінде есірткіге ұқсас заттар табылды. Бұдан бөлек, күдіктідердің тағы бірінің гаражынан 5 дана моторлы қайық пен тіркелмеген 16 калибрлі екі ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір айғақты заттармен ұсталған үш күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен, 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілердің жасы – 46, 41 және 38-де. Оларға бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр.