​Атырауда екі полицей кафеде есепшот төлемей, шу шығарған (видео)

0
1 480

Оқиға Құрманғазы ауылында болған.


​Атырауда екі полицей кафеде есепшот төлемей, шу шығарған (видео)

ERNUR.KZ. Атыраудағы кафелердің бірінде екі полицей есепшот төлемей, шу шығарды. Онысымен қоймай олар кафе қожайынын ұрып-соққан, деп жазады sn.kz.


Оқиға Құрманғазы ауылында болған. Азаматтық киімде жүрген екі полиция майорынан кафе иесі есепшотты төлеуін сұрайды. Ал құқық қорғаушылар болса, дөрекі жауап қатып, кафе иесіне жұдырық ала жүгіреді. Соңында кафе жиһаздары сынып, есепшот сол күйі төленбей қалады.

Облыстық ІІД мәліметінше, оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.