Атырауда көлігімен ит сүйреген жүргізуші ұсталды

1
2 070

Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. ​


Атырауда көлігімен ит сүйреген жүргізуші ұсталды

ERNUR.KZ. Атырауда көлігімен ит сүйреген жүргізуші ұсталды, деп жазады aikyn.kz.

Оқыс оқиға Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында болғаны анықталды.

Әлеуметтік желіде итті сүйреген көлік туралы видео тарады.
Полиция департаментінің мәліметінше, итті сүйреген Атырау қаласында тұратын автокөлік жүргізушісі ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 316-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.