Атырауда тәрбиеші баланың бетінен ұрып, дене жарақатын салған

0
426

Баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан шеттетілді.


Атырауда тәрбиеші баланың бетінен ұрып, дене жарақатын салған

ERNUR.KZ. Атырау қаласындағы мемлекеттік балабақшаларының бірінде тәрбиеші балаға дене жарақатын салды, деп жазады stan.kz.

Оқиға 8 қараша күні болған. Тәрбиешінің сабақ үстінде баланың бетінен ұрып, дене жарақатын салғаны бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан шеттетілді, оған дене жарақатын салуға жол берген мектепке дейінгі мекеменің басшысы да жауапқа тартылады.

Қалалық білім бөлімі Атырау қаласындағы 46 мемлекеттік балабақшада орнатылған бейнебақылау камералары арқылы мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне бақылауды күшейтеді.

8 қарашада болған оқиға бойынша ҚК 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.