Атырауда терроризмді насихаттаған жасөспірім ұсталды

0
388

​ҰҚК террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталатынын ескертеді.


Атырауда терроризмді насихаттаған жасөспірім ұсталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кететіні, 2023 жылы көрсетілген азамат ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған.

«Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырған», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.