Атырауда түн ортасында топтық төбелеске қатысқан 3 адам ұсталды

0
481

Әлеуметтік желі мен Whatsapp мессенджерінде жастардың топтық төбелесі туралы видео тарады.


Атырауда түн ортасында топтық төбелеске қатысқан 3 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Атырау қаласындағы Салтанат сарайының маңында бір топ жас жанжалдасқан. Төбелеске қатысқан үш адам ұсталды, деп жазады inform.kz.

Әлеуметтік желі мен Whatsapp мессенджерінде жастардың топтық төбелесі туралы видео тарады. Төбелес түн ортасында Салтанат сарайы ғимаратының алдында болған.

«Атырау қаласындағы Салтанат сарайы алдындағы жанжалдың бейнежазбасы тарады. Атырау облысының полиция департаменті осы дерекке байланысты тексеруді бастады. Қазір 3 адам ұсталды. Олар полиция органына жеткізілді. Өзге қатысушылардың жеке басы анықталады», -деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Оның айтуынша, зардап шеккендер мен медициналық көмекке жүгінгендер тіркелмеген.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі жастар арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірген жоқ