Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, күйік шалған ер адам қайтыс болды

0
956

1965 жылы туған ер адам ауруханада қайтыс болды.


Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, күйік шалған ер адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Кеше Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, күйік шалған 5 адам ауруханаға түскен еді. Бүгін зардап шеккендердің біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп жазады inform.kz.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2 қаңтарда өрттен зардап шеккен 5 адам ауруханаға жеткізілген.

«Оның ішінде үш ересек адам облыстық, ал екі жасөспірім балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Бәрінің жағдайы ауыр деп бағаланды. Бүгін, 3 қаңтарда 1965 жылы туған ер адам ауруханада қайтыс болды. Қалған науқастардың жағдайы әлі де ауыр деңгейде қалып отыр. Науқастар ауруханалардың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайын бақылауға алып, барлық ем-дом шарасы жүргізіп жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адамды күйік шалғанын хабарлаған болатынбыз.

Өрт Атырау қаласының маңындағы Көкарна ауылында болған. Тұрғын үйде газ-ауа қоспасының дүмпуінен жарылыс болған. Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің 9 шаршы метр қабырғасы құлап, 140 шаршы метр алаңы жанып кеткен.