Ауыл әкімдерінің сайлауы 25 шілдеде өтеді - Карин

0
439

​Бұдан бұрын мемлекет басшысы жыл соңына дейін 800-ге жуық ауыл әкімі сайланатынын айтқан болатын.


Ауыл әкімдерінің сайлауы 25 шілдеде өтеді - Карин

ERNUR.KZ. Президенттің көмекшісі Ерлан Карин ауыл әкімдерін сайлау 25 шілдеде өтуі мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"25 шілде күні бір уақытта 700-ден астам ауыл әкімі сайланады. Ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өтеді", - деп жазды Карин өзінің Telegram каналында.

Президент көмекшісі ауыл әкімдерін тікелей сайлау саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды оқиға ретінде атап өтті.

Бүгін Алматыда саяси реформалардың үш президенттік пакетін жүзеге асыру бойынша сараптамалық талқылау өтті. Алқалы жиынға отандық сарапшылар, саясаттанушылар, Мәжіліс депутаттары мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері қатысты.

Сараптамалық басқосуда саясаттанушы Андрей Чеботаревтің "Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамалары: 3 пакеттің ерекшеліктері" атты талдамалық баяндамасы таныстырылды.