"Аватар" фильмі қазақ тіліне аударылды

0
752

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.


ERNUR.KZ. "Аватар" фильмі 25 қыркүйектен бастап кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіледі, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

"Қазақстандық шығармашылық дубляж тобы фильм мәтінін қазақ тіліне аудару, оның локализациясы және дыбыстау бойынша сапалы жұмыс атқарды", - деп жазды ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-парақшасында.
Министр "Аватар: Су жолы" кейінгі онжылдықтың ең айтулы фильм болатынын айтты. Оның қазақ тіліндегі премьерасы 16 желтоқсанда өтеді.
Сондай-ақ, ол MARVEL әлемінің "Қара пантера: мәңгі Ваканда" фильмін де қазақ тіліне дубляждалатынын айтты. Фильмнің премьерасы 10 қарашаға жоспарланған.