Автобус 10 көлікті соққан: Тараздағы ірі жол апатының видеосы пайда болды

0
581

Кадрларда автобус жүргізушісінің қарсы жолаққа шығып кетіп, тұрақта тұрған 10 көлікті қалай соққаны көрсетілген.


Автобус 10 көлікті соққан: Тараздағы ірі жол апатының видеосы пайда болды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Таразда болған ірі жол апатының видеосы пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға сәті автобустың бейнетіркегішіне түсіп қалған. Кадрларда автобус жүргізушісінің қарсы жолаққа шығып кетіп, тұрақта тұрған 10 көлікті қалай соққаны көрсетілген.


Еске салайық, жол апаты 4 қаңтарда сағат 10:45 шамасында болған. Полицейлердің мәліметінше, Төле би даңғылында №56 бағыттағы автобустың 33 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, тоқтап тұрған көліктерге соқтығысқан.

Автобуста 10 жолаушы болған. 56 жастағы жолаушы дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Факт бойынша автобус жүргізушісіне қатысты соталды тергеу басталған.