Қазақстанның қай аймағында жұмыссыздар көп?

0
2 572

Республикамыздың 7 аумағында жұмыссыздар саны қысқарған. Жұмыспен қамту көрсеткіші Қарағанды облысында жоғары. Өңірде жыл бойына жұмыссыздар саны 7%-ға, яғни 32,2 мың адамға қысқарды.


Қазақстанның қай аймағында жұмыссыздар көп?

Қазақстанда жұмыссыздар саны артуда

2018 жылдың ақпан айында жұмыссыз қазақстандықтар саны 440,7 мың адамға жетті. Жылдың алғашқы 2 айында жұмыссыздар саны 400 адамға көбейген,-деп хабарлайды ERNUR.KZ energyprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Дегенмен, соңғы жылдармен салыстырғанда бұл көрсеткіш қысқарып келеді. 2017 жылдың 4 тоқсанында елімізде 439,3 мың адам жұмыссыз қалған. Жұмыссыздық деңгейі оның алдынғы жылмен салыстырғанда былтыр 0,4%-ға азайған.

Жалпы республикамыздың 7 аумағында жұмыссыздар саны қысқарған. Жұмыспен қамту көрсеткіші Қарағанды облысында жоғары. Өңірде жыл бойына жұмыссыздар саны 7%-ға 32,2 мың адамға қысқарды.Сонымен қатар, жұмыссыздықпен күрес мәселесі бойынша Қостанай облысы да көш бастап тұр. 2017-жылы жұмыссыздар саны 5% азайып, 24,5 мың адамды құрады.Ақмола облысында жұмыссыздар саны 2,8%-ға кеміп, 20,6 мың адам екі қолға бір күрек таппай жүргендердің тізімінде. Елордамыз Астана жұмыссыздар саны бойынша бірінші орында тұр. Бір жылдың ішіде жұмыссыздар саны 23,8 мың адамға жетіп, 6,8%-ға өскен.