Балабақша төлемақысын негізсіз көтергендер жауапқа тартылды

0
791

6,5 мың ата-ананың құқығы бұзылған.


Балабақша төлемақысын негізсіз көтергендер жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Прокурорлармен 2023 жылы Ұлытау облысы әкімдігі тарапынан Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа ауданындағы балабақшаларда ата-ана төлемақысының негізсіз жоғары мөлшерін белгілегені анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Ата-ана төлемақысының мөлшерін (айына бір балаға тамақтану үшін) белгілеу кезінде әкімдікпен азық-түліктердің бөлшек бағалары негізге алынған, алайда олардың көтерме бағалары орта есеппен алғанда 10-20% арзан.

Қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, ата-ана төлемақысының мөлшері 1 мың теңгеге төмендетіліп (әкімдіктің қаулысына өзгеріс енгізілді), кінәлі лауазымды тұлғалар жауаптылыққа тартылды.