Банк қателесіп, қостанайлықтың картасына 416 млн түсті

0
506

Ақшаны қайтармаған азамат тез-ақ ұсталған.


Банк қателесіп, қостанайлықтың картасына 416 млн түсті

ERNUR.KZ. Қостанайда картасына банктен 416 млн теңге түскен азамат сотталды, деп жазады Zakon.kz.

Қостанай қаласының тұрғыны банк жүйесінің істен шыққанын пайдаланып, өзіне түскен 416 млн теңгені меншіктеп алмақ болған екен.

Ақшаны қайтармаған азаматтың тез-ақ ұсталғанын kursiv.kz сайты жазады.

Оқиға былай болған: 55 жастағы кәсіпкер тауар сатып алу үшін пайдалану мақсатында досының картасын сұрап алып, соған 500 мың теңге салған. Тауардың ақысын төленген соң әлгі картаға тура сол сомадағы ақша түсіпті. Банк жүйесі істен шығып, қателікпен екі күн ішінде кәсіпкердің қолындағы картаға 416 млн теңгеден астам ақша түскен.

Ол ақшаны білдірмей шығарып алу үшін оны достары мен таныстарына жібере бастайды. "Менің картам істемей қалды" деп қойып, әлгілер қайта жіберген ақшаны өзіне алып отырған.

Жедел-іздестіру нәтижесінде қала ПБ жедел уәкілдері күдіктіні ұстады. Сот үкімімен ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды.