«Цеснабанк» туралы жалған ақпарат таратқандар анықталды

0
1 210

«Цеснабанк» АҚ қаржылық ахуалы нашарлағандығы туралы жалған ақпарат тараған болатын.


«Цеснабанк» туралы жалған ақпарат таратқандар анықталды

ERNUR.KZ. «Цеснабанк» туралы жалған ақпарат таратқан 3 адам анықталды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп жазадыҚазАқпарат.

«Көп жағдайда азаматтар бір-біріне тексерілмеген ақпараттарды жіберіп жатады. Ал мұның соңында үлкен қоғамдық дүрбелең туғызатыны да бар. Мәселен, Астана қаласының ішкі істер департаменті екінші деңгейлі банктердің бірінде алдағы уақытта дефолт болады деген жалған ақпаратты WhatsApp арқылы тарату фактісін тергеуде. Қазіргі уақытта оны таратуға қатысы бар Алматы, Шымкент қалаларының және Алматы облысының үш тұрғыны анықталған. Олар ақпараттың сенімділігіне көз жеткізбестен және банк саласының маманы еместігіне қарамастан WhatsApp арқылы түрлі топтарға хабарлама жіберген», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, біраз уақыт бұрын «Цеснабанк» АҚ қаржылық ахуалы нашарлағандығы туралы
жалған ақпарат тараған болатын. Осыған орай аталған қаржы институты ҚР ІІМ Тергеу департаментіне жүгініп,
ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары
жүргізілген еді.