Басқа пәле - тілден: Ақтау дәмханасында болған оқиға жұрттың жағасын ұстатты

0
942

Дәмханада отырған жігіттер арасында кикілжің туындаған.


Басқа пәле - тілден: Ақтау дәмханасында болған оқиға жұрттың жағасын ұстатты

ERNUR.KZ. Ақтауда сөзге келіп қалған жігіттер атыс шығарды, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға алтыншы шағын аудандағы дәмханалардың бірінде болыпты. Оқ тиген екі адам Маңғыстау облысының ауруханасына жеткізілген. Күдікті қамауға алынды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Зардап шегушілердің айтуынша, жігіттер сөзге келіп қалып, соңы атысқа ұласса керек.

"1993 жылы туған ер адамның табанына, ал 1992 жылы туған жігіттің сол жақ аяғына оқ тиген. Тиісті медициналық көмек көрсетілген соң, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сот шешімімен күдікті 2 айға қамауға алынған.

Облыстық полиция департаменті оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алған.

Күдіктінің айыбы дәлелденсе, оған 5 мың АЕК (12 миллион 625 мың теңге) айыппұл салынуы немесе 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы, я болмаса бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.