Батыс Қазақстанда ауыл тұрғыны қардан мешіт тұрғызды – видео

0
585

Ауыл тұрғыны 20 күн бойы қардан мешіт тұрғызған, ол үшін үш тоннадай қар қажет болған.


Батыс Қазақстанда ауыл тұрғыны қардан мешіт тұрғызды – видео

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысындағы Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаев қардан мешіт көшірмесін жасады, деп жазады sputnik.kz.

Бұл Абай даңғылында орналасқан Орал мешітінің көшірмесі, деп хабарлады "Мой город" порталы.

Нәдір Қуанаев Instagram-дағы парақшасында қардан тұрғызылған мешіт көшірмесінің суреті мен видеосын жариялады. Желі қолданушылары оның жұмысына тәнті болды. Қардан жасалған мешітке шебер жарық тартуды да ұмытпапты.

Қар мешіт 20 күнде бой көтерді. Ол үшін 3 тоннаға жуық қар қажет болды.


Өткен жылы талантты жігіт қардан көлік жасаған.