Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиелген көлік отқа оранды

0
533

Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елді мекенінің жанында өртенген.


Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиелген көлік отқа оранды

ERNUR.KZ. Орал-Атырау тас жолында "Газелт" көлігі өртенді, деп жазады sputnik.kz.

Батыс Қазақстан облысында көлік өртенді


Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елді мекенінің жанында өртенген.

"Өрт түнгі 01.15-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр. Өртті сөндіруге бір техника мен бес өрт сөндіруші жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Көлік жеке кәсіпкерге тиесілі. Оның ішінде медициналық препараттар болған.

Өрт болған жерде полиция қызметкерлері де жұмыс істеді.