Білім басқармаларына мониторинг жүргізіледі: мұғалімдер еңбек демалысына шыға ала ма

0
384

Кешенді мониторингтің мақсаты – білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторларды анықтау және үздік өңірлік тәжірибені айқындау.


Білім басқармаларына мониторинг жүргізіледі: мұғалімдер еңбек демалысына шыға ала ма

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі барлық облыстың білім басқармалары қызметіне кешенді мониторинг жүргізе бастады. Ол 5 шілдеге дейін жалғасады, деп жазады sputnik.kz.

Кешенді мониторингтің мақсаты – білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторларды анықтау және үздік өңірлік тәжірибені айқындау.
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауеновтың айтуынша, мониторинг тек білім басқармаларына ғана қатысты. Зерделеу тобы балабақша, мектеп, колледж және басқа да білім беру ұйымдарына бармайды.
"Білім басқармаларына мониторинг жүргізуге мұғалімдер немесе білім беру ұйымдарының директорлары тартылмайды. Барлық білім беру ұйымында жазғы демалыс басталды, мұғалімдер бекітілген кестеге сай демалысқа шыға алады. Қорытынды емтихандардан кейін мұғалімдердің еңбек демалысына ештеңе кедергі болмауы керек. Білім басқармаларының қызметін зерделеу үшін барлық бағыт бойынша арнайы критерийлер әзірленді", - деді Дауенов.
Айта кетері, мониторинг барысында министрлік комитеттері мен департаменттерінің мамандары және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары өңірлерге әдістемелік көмек көрсетеді.
Мониторинг қорытындысы бойынша өңірлердің білім беру жүйесін жетілдіру және олардың қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар беріледі.