Білім министрлігі оқушылардың неше күн демалатынын нақтылады

0
868

Оқушылар үшін 2020 жылғы күзгі демалыс өткен жылмен салыстырғанда бірнеше күнге ұзара түсті.


Білім министрлігі оқушылардың неше күн демалатынын нақтылады

ERNUR.KZ. Оқушылар үшін 2020 жылғы күзгі демалыс өткен жылмен салыстырғанда бірнеше күнге ұзара түсті, деп жазады sputnik.kz.

"Оқушылардың күзгі демалысы он күн. Қарашаның 5-нен 14-не дейін жалғасады", – делінген министрлік хабарламасында.

Былтыр күзгі демалыс 28 қазанда басталып, 3 қарашада аяқталған.

Жалпы, биылғы демалыс күндеріне байланысты хабарламалар мессенджерлерде жиі таралуда. Мұның басты себебі коронавирустық пандемия болды.

Айта кетейік, Қазақстанда мектеп оқушылары қашықтан білім алуда. Ата-аналардың қалауы бойынша кезекші сыныптарда тек бастауыш сынып оқушылары оқиды. Сондай-ақ, дәстүрлі білім беру шағын жинақты мектептерде ғана сақталды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқу жылының басынан бері Қазақстанда мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның 104 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын 33 бала бар.