Биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта өтеді

0
453

9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Ал арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді.


Биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта өтеді

ERNUR.KZ. Діни басқарма ел азаматтарына, әсіресе қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2022.kz сайтын іске қосты, деп жазады inbusiness.kz.

Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен ватсап нөмірге жіберіледі.

Айта кетсек, 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Ал арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді.