Бюджет қаражатын игермеген облыс әкімдері белгілі болды

0
462

Қаржы министрінің айтуынша, атқарылмаған қаражат 61 млрд теңгені құрайды.


Бюджет қаражатын игермеген облыс әкімдері белгілі болды

ERNUR.KZ. Нұр-Султан қаласы мен Маңғыстау, Алматы және Қызылорда облыстары 5 айдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын әлі игермеген, деп жазады Azattyq Ruhy.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында жасаған баяндамасында жергілікті бюджеттердің шығыстары 3,5 трлн теңге болғанын, атқарылмаған қаражат 61 млрд теңге екенін айтты.

«Ағымдағы жылы өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 933 млрд. теңге бөлінген. Оның 98,2%-і игерілген. Атқарылмағаны – 17 млрд теңге, оның ішінде 4 млрд теңге – үнемдеу, 13 млрд теңге игерілмегені. Ең көп игерілмеу: Нұр-Султан қаласында, Маңғыстау, Алматы және Қызылорда облыстарында қалыптасты», дейді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, игерілмеудің негізгі себептері - төлемнің негізділігін растайтын құжаттың ұсынылмауы, жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі және төлеуге берілетін шоттардың қазынашылық органдарына кеш ұсынылуы.