Дариға Назарбаева "Дохий дебаттары" телебағдарламасының директорымен кездесті

0
1 076

А. Аталлах Еуразиялық медиа форумда 23 мамыр күні "Масс-медианың сандық ақиқаты: біз сын-қатерді қабылдаймыз ма?" тақырыбы бойынша отырыста сөз сөйледі.


Дариға Назарбаева

ERNUR.KZ. Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Амджад Аталлахпен кездесті, деп жазады Zakon.kz.

Сенат басшысының "Дохий дебаттары" телебағдарламасының басқарушы директоры Амджад Аталлахпен кездесуі барысында өзара іс-қимылдың келешегі зор жобалары, атап айтқанда Еуразиялық медиа форумның телебағдарламамен ынтымақтастығы талқыланды, - делінген хабарламада.

Бағдарламаның мақсаты – көпжақты пікірсайыстар мен нақты іс-қимылдар арқылы жаһандық проблемалардың бірлескен шешімдерін іздестіру болып табылады. Бұл Еуразияның және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі проблемалары бойынша еркін және ашық пікірлесу қалыптастыруға бағытталған ЕАМФ миссиясымен үндес келеді.

А. Аталлах Еуразиялық медиа форумда 23 мамыр күні "Масс-медианың сандық ақиқаты: біз сын-қатерді қабылдаймыз ма?" тақырыбы бойынша отырыста сөз сөйледі.