Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған турнирге барды

0
416

​Нұр-Сұлтанда Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған футболдан қайырымдылық турнирі өтті.


Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған турнирге барды

ERNUR.KZ. Қазақстанның бас футбол аренасында еліміздің түрлі қаласынан келген 150 бала бақ сынады, деп жазады sputnik.kz.

Үшінші орынды Алматының "Қайрат" футбол клубы, екінші орынды қарағандылық "Шахтер", бірінші орынды Нұр-Сұлтан командасы жеңіп алды.
Телеарнаның сюжетінен экс-президенттің қызы Дариға Назарбаеваны да көруге болады. Ол турнир жеңімпаздарын марапаттап, естелікке суретке түсті.

Айсұлтан Рахат (Назарбаев) – марқұм Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы. Айсұлтан 2020 жылдың 16 тамызына қараған түні Лондонда қайтыс болды. Оның жүрегі тоқтап қалған.