Дірілдеп асылып тұрған: Полицейлер өзіне қол жұмсаған ер адамды құтқарып қалды

0
1 249

Жігіттің мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болған.


Дірілдеп асылып тұрған: Полицейлер өзіне қол жұмсаған ер адамды құтқарып қалды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Рудныйда полицейлер асылып өлмек болған жас жігітті құтқарып қалды, деп жазады Stan.kz.

30 жастағы жас жігіттің өзіне қол салмақ болып жатқаны туралы көршілері жеткізген. Полицейлер ер адамды құтқарып үлгерді. Оқиға 20 қазан күні болды.

Сағат 21:00 шамасында полиция басқармасына ер адамның үйдің подъезінде тұрып асылып өлгелі жатқаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына аға сержант Қанат Уәлиев пен полиция лейтенанты Жәнібек Ғалымханов келіп жетті.

«Мекенжаймен келе салысымен, біз баспалдақпен жүгіріп жоғары шықтық. Баспалдақ жолында дірілдеп асылып тұрған ер адамды көрдік», - деді Қанат Уәлиев.

Полицейлер оның мойнындағы проводты алып, есін жиюға көмектескен. Осылайша тәртіп сақшылары алғашқы көмек көрсетіп, ер азаматты құтқарып қалды. Кейін жігіттің мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болғаны анықталды.