Дос Көшім: Министрлердің командасы ауысу керек

0
549

Сол адамдардың бәрі сол күйінде қалса, менің ойымша олардан ешнәрсе күтуге болмайды.


Дос Көшім: Министрлердің командасы ауысу керек

ERNUR.KZ. "Министрлер ауыспаса да, министрлік құрамы жаңаруы тиіс". Бүгінгі Үкіметтің қайта жасақталуына байланысты саясаткерлер осындай пікір айтып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Шынында да тек 2 министр ғана ауысты. Олар - сыртқы істер және Энергетикаға жауапты шенділер. Елдегі ең проблемалы сала осы екеуі ғана сияқты. Сарапшылар болса жалпы қазіргі министрлер кабинетін "геосаяси дағдарыстарға бейімделуге ғана дайын" деп бағалады. Яғни айтарлықтай экономикалық серпін, жаңаша әлеуметтік саясаттың да болуы күмәнді екен. Саясаткерлер министрлердің өз әлеуеттері жетпейтін болса, онда білікті мамандарды айналасына ұйыстыру да көп мәселені шешетінін еске салды.

"Қандай адамдар бар қасында? Сол адамдардың бәрі сол күйінде қалса, менің ойымша олардан ешнәрсе күтуге болмайды. Егер оларды да бір өзгертіп, шындығында да жаңа бағыттағы жұмыс істейтін топ құра бастаса, оларға белгілі бір үміт болады. Өйткені көптеген мәселе министрдің өзіне емес, қасындағы орынбасарлары, белгілі бір департаменттің басшыларына тікелей байланысты. Ішінде көзге көрініп қалған адамдар бар", - дейді саясаткер Дос Көшім.