Екі жылда бос жатқан 10 млн гектар жер мемлекетке қайтарылған

0
313


Екі жылда бос жатқан 10 млн гектар жер мемлекетке қайтарылған

ERNUR.KZ. 2022 жылдың басынан бері пайдаланылмайтын 10 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп жазады kaz.inform.kz.


Министрдің айтуынша, 2024 жылы тағы 2 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр.

«Салық салудағы өзгерістер ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалануға ынталандыру болуға тиіс. Бұл жұмыс бірыңғай жер салығы тәсілдерін өзгерту шеңберінде жүргізілуде, нәтижесінде Агроөнеркәсіп кешеніндегі салықтар бойынша есепке алу мен әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін А.Сапаров қазақстандық шаруалар Ресеймен неге бәсекелесе алмайтынын, салада қандай жүйелі проблемалар бар екенін айтқан еді.