Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді

0
1 749

Су жылыту қазандықтары толық іске қосылады, деп хабарлады жауапты мамандар.


Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді

Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді, - деп жазады 24.kz.

Түнде су жылыту қазандықтарының сорғысы істен шыққан еді. Энергетиктер мен төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының күшімен қазандықтағы суды сору жұмыстары толық аяқталды.

Алдағы сағаттарда багерлік сорғы іске қосылып, су жылыту қазандықтары толық іске қосылады, деп хабарлады жауапты мамандар. Техникалық ақау станцияның жұмысына әсер етпеген. Қазір жеті қазандық жұмыс істеп тұр.

Еске салайық, бұған дейін Екібастұз ЖЭО-да күл құбыры зақымдалып, резервтегі қазандықтар іске қосылғаны хабарланған болатын.