Екібастұз жылу электр орталығындағы құбырдан ақау шықты

0
1 167

Ақау сағат 05:30-да ретке келтірілгенін мәлімдеді.


Екібастұз жылу электр орталығындағы құбырдан ақау шықты

ERNUR.KZ. 10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да күл құбырында (күл шығару жүйесінен күл тасымалданатын құбыр) ақау анықталды, деп жазады Zakon.kz.

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС компаниясы ақау сағат 05:30-да ретке келтірілгенін мәлімдеді.

Зақымның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехының багер сорғысы су астында қалды. Ыстық резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды.

Қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехының қазандығы уақытша мазутпен жұмыс істеп тұр.

Кәсіпорын бірнеше сағат ішінде қазандық сорғы стансасын іске қосу жұмыстары аяқталып, содан кейін көмірмен жұмыс істейтін ыстық су қазандықтары кесте бойынша қалыпты жұмыс істейтінін хабарлады.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, қалада 26 градус суық. Қала тұрғындары үйінде жылу жоқ екенін айтып, шағымданып жатқан жоқ. Апат жылу жүйесіне әсер етпеген.