Екібастұзда ішімдік ішкен екі әйел көшеде төбелескен

0
354

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.


Екібастұзда ішімдік ішкен екі әйел көшеде төбелескен

ERNUR.KZ. Екібастұзда түнде төбелескен екі әйел полицияға жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бейнекадрлардан төбелесіп жатқан екі әйелді ер адамдардың ажыратып жатқанын көруге болады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуірде сағат 00:25 шамасында Екібастұз қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Энергетиктер көшесі, 103 көшесіндегі «Федор» дүкенінің жанында жанжал болып жатқаны туралы шақыру түскен.

«Аталған факті тіркелді, екі әйел де полицияға жеткізілді. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы – «спирттік ішімдік ішу және қоғамдық орында мас күйінде пайда болу» және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы – «ұсақ бұзақылық» бойынша хаттамалар толтырылды»,- деп хабарлады департаментте.