Елбасы сөзін алып тастайды: Мемлекеттік күзет қызметі наградаларының атауы өзгермек

0
540

Өзгерістер Конституцияға енгізілген түзетулермен байланысты.


Елбасы сөзін алып тастайды: Мемлекеттік күзет қызметі наградаларының атауы өзгермек

ERNUR.KZ. Мемлекеттік күзет қызметі наградаларының атауынан "Елбасы" сөзі алынып тасталады. Мәдениет және ақпарат министрлігі жарлық жобасын әзірлеп, "Ашық НҚА" порталында жариялады.

Құжатқа сәйкес, "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі енді "Абыройлы қызметі үшін" деп аталады.
Сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметі мына төсбелгілермен марапатталады:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері";
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің үздігі";
"Үздік спортшы".
Бұған дейін олар былай аталып келген еді:
1. "Елбасы қорғаны";
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің үздігі";
3. "Үздік спортшы-жауынгер".
"Бұл өзгерістер 2022 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістермен, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінің негізгі міндеті мемлекет басшысының және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенімен байланысты", - делінген негіздемеде.
Бұған қоса Орталық сайлау комиссиясының өз медалі пайда болады. Ол "Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" деп аталады.
Жарлық жобасы 5 қазанға дейін қоғам талқысына шығарылды.