Елімізде австобус жүргізушілерінің талап бойынша қойылатын жасы төмендейді

0
505

Министрліктің деректері бойынша 2014 жылға дейін жүргізушілердің D санатын 3 жыл бойы 84 мың адам оқыған.


Елімізде австобус жүргізушілерінің талап бойынша қойылатын жасы төмендейді

ERNUR.KZ Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев жақын арада автобус жүргізушілерінің талап етілетін жасы 23 жасқа дейін төмендету жоспарланғанын айтты, деп жазады Stan.kz.


Министрліктің деректері бойынша 2014 жылға дейін жүргізушілердің D санатын 3 жыл бойы 84 мың адам оқыған. Кейін талаптар қатаңдатылғаннан кейін автобус жүргізушісіне оқитындар саны төрт мың адамға дейін қысқарған.

“Бірінші жартыжылдықта мәжілістен өтіп, тамыз айына дейін мәселе шешіледі деп үміттенеміз. Жүргізушілердің жасын 23 жасқа дейін төмендету туралы шешім бар. Ал D1 санаты үшін тәжірибе өтіліне қойылатын талап 1 жылдан 3 жылға дейін болмақ. Мен бұл ең қажет шешім емес екенін білемін. Дегенмен талаптардың қатаңдауына байланысты олардың саны автобус жүргізушілерінің саны 4 мың адамға дейін қысқарған. Бұл өте аз. Бұл көрсеткішті көрсеткен кезде парламент мәжілісінің спикерлері бізді қолдады”, - деді министр.