Елімізде коронавирус жұқтырғандар бірден 65 адамға көбейді

0
1 031

Індет жұқтырушылардың ең көбі Шымкент қаласында тіркелді.


Елімізде коронавирус жұқтырғандар бірден 65 адамға көбейді

Қазақстанда тағы 65 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

22 сәуір сағат 22:50-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 65 адам тіркелген. Оның ішінде Алматы қаласында – 18, Жамбыл облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Түркістан облысында - 2, Шымкент қаласында - 28, Маңғыстау облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 4, Қостанай облысында -1, Қызылорда облысында - 6, Нұр-Сұлтан қаласы - 1, Павлодар облысында - 1 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 404 адам, Алматы қаласында – 732 адам, Қарағанды облысында - 102 адам, Ақмола облысында - 83 адам, Атырау облысында - 82 адам, Жамбыл облысында - 77 адам, Шымкент қаласында - 131 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 12 адам, Алматы облысында - 62 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 38 адам, Маңғыстау облысында - 18 адам, Қызылорда облысында - 157 адам, Батыс Қазақстан облысында - 76 адам, Түркістан облысында - 69 адам, Қостанай облысында - 35 адам, жалпы 2135 науқас бар.