Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға азайды

0
300

Қаңтар айында алматылықтар 534 млрд теңгені картасынан шығарып, қолында ұстаса, екінші орында астаналықтар. Үштікті қорытындылап тұрған шымкенттіктердің де үлесі бар.


Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға азайды

ERNUR.KZ. Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға азайды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, халықтың қолма-қол ақшаға сұранысы артқан, деп жазады zakon.kz.

Мәселен қаңтар айында алматылықтар 534 млрд теңгені картасынан шығарып, қолында ұстаса, екінші орында астаналықтар. Үштікті қорытындылап тұрған шымкенттіктердің де үлесі бар.

Ал қолма-қол ақшаның ең аз көлемі Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында тіркелген. Яғни, мұндағылар әлі де қаражаттарын банк карталарында ұстағанды жөн көреді.