Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға жуық қысқарды

0
556

Осы жылдың басынан бастап әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғаларды ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіле бастады.


Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға жуық қысқарды

ERNUR.KZ. Ұлттық банктің статистикалық деректеріне сәйкес, қаңтар айында елімізде мобильді аударымдар арқылы жасалатын төлем көлемі шамамен 30 пайызға қысқарды. Бұл туралы аталған банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп жазады inform.kz.

«Біз тіпті кейбір нүктеде қолма қол валютаны қосымша нығайтуымызға тура келді. Өйткені, бастапқыда адамдар қолма қол ақшаға жүгірді. Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан түсіндірулер, кеңестер берілгеннен кейін жағдай тынышталды және алдағы уақытта да тыныштала береді. Өйткені, мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ. Қолма қол ақшасыз төлем деңгейі қалпына келеді деп үміттенеміз», - деді ол елордада өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, осы жылдың басынан бастап әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғаларды ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіле бастады.

Дегенмен, таяуда Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мобильді аударымдарды тексеру мәселесін қайта пысықтайтындарын айтқан еді.