Еліміздің сегіз қаласында ауа райы нашарлайды

0
2 362

Ал 7 қалада ауа райы қолайлы болады.


Еліміздің сегіз қаласында ауа райы нашарлайды

1 ақпанда Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Петропавл, Семей, Өскемен қалаларында метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа ластанады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Тараз, Орал, Шымкент қалаларында ауа райы қолайлы болады.

Қолайсыз метеожағдайлар дегеніміз - қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың болуы. Яғни, тымық күн, әлсіз жел, тұман, атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін инверсия. ҚМЖ пайда болған жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау - жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы.