​Енді алтын құймаларды айырбастау пунктерінен алуға болады

0
988

Қаулы 2018 жылдың 30 қарашада қолданысқа енгізіледі.


​Енді алтын құймаларды айырбастау пунктерінен алуға болады

ERNUR.KZ. Ұлттық Банк шағын алтын құймаларды банктік емес айырбастау пунктері арқылы сату жөнінде қаулы қабылдады, деп жазады Baq.kz.

«2018 жылғы 2 қарашада Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 183 қаулысы енгізілді», - делінген Ұлттық Банк өкілдері таратқан хабарламада.

Қаулы 2018 жылдың 30 қарашада қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін уәкілетті ұйымдар қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыратын заңды тұлға ретінде айқындалған болса, енді түзетулер енгізілгеннен кейін оларға тағы да бір операция түрі – Ұлттық Банк шығарған шағын алтын құймаларды сату және сатып алуды жүзеге асыру құқығы беріледі.

Тазартылған құйма алтынды халыққа сату бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы, бірінші кезеңде – екінші деңгейдегі банктер арқылы, екінші кезеңде – уәкілетті ұйымдар арқылы іске қосқан болатын.

Бұл Ұлттық Банктің алтын құймаларын шалғай өңірлерде де сатып алуға мүмкіндік береді.