Ертіс бойында балық аулап жүріп жоғалып кеткен екі адам құтқарылды

0
720

23 наурызда 22 сағат 40 минутта Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне Ақтоғай ауданы Қараоба ауылында Ертіс өзенінің алқабында балықшылар жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.


Ертіс бойында балық аулап жүріп жоғалып кеткен екі адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысының Ақтоғай ауданында жоғалған балықшылар құтқарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

23 наурызда 22 сағат 40 минутта Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне Ақтоғай ауданы Қараоба ауылында Ертіс өзенінің алқабында балықшылар жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Іздеу жұмысына Ақтоғай ауданының № 15 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам, жергілікті атқарушы органнан 2 адам және «102» қызметінен 1 адам шықты.

Оның барысында Қараоба ауылынан 12 шақырым жерде Ертіс өзенінің алқабында 1981 және 1963 жылы туған екі балықшы құтқарылды.

№ 15 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері құтқарушылар Қайыр Бейнбет және Сапарғалиев Айдос балықшылардың қолынан демеп, қозғалуға көмектесті.

Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.