Есірткіге мас күйінде көлік жүргізген: Төреғали Төреәліні полиция ұстады - видео

0
583

Алдымен желіде көлікті тоқтату сәтінің видеосы жарияланды. Ол жерде рөлде Төреғали Төреәліге ұқсас адамның отырғанын көруге болады. Видеодағы адам полицияның бұйрығына бағынбай, күш көрсетеді.


Есірткіге мас күйінде көлік жүргізген: Төреғали Төреәліні полиция ұстады - видео

ERNUR.KZ. Есірткіге мас күйінде көлік жүргізген танымал қазақстандық әнші ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Алдымен желіде көлікті тоқтату сәтінің видеосы жарияланды. Ол жерде рөлде Төреғали Төреәліге ұқсас адамның отырғанын көруге болады. Видеодағы адам полицияның бұйрығына бағынбай, күш көрсетеді.
Көп ұзамай Алматы қаласының полиция департаменті ұсталған көлікке қатысты ақпарат таратты.
"Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды", - делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, сараптама нәтижесі көлік жүргізушінің есірткіге мас болғанын көрсетті.
Қалалық полиция қолға түскен жүргізушінің Төреғали Төреәлі екенін растамады, бірақ жоққа да шығарған жоқ.
Айта кетері, "Ұлы дала баласының" құжаттағы тегі - Әлиханов Төреғали Төреәліұлы. Әнші 1992 жылы туған.
Жол ережесін сақтамаған жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің алты бабы (ӘҚбК-нің 608 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 613 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 599 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 596 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 600 бабы 1 бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 230 бабы 2 бөлігі) бойынша хаттама толтырылды.
Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады, дейді полициядағылар.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Алматы облысының полициясы әнші Төреғали Төреәлінің гидті ұрып-соққаны туралы интернетте жарияланған жазбадан кейін іс қозғады.
Ол кезде қамауға алынған әнші кепілдік арқылы бостандыққа шығып, гидтен кешірім сұрап мәмілеге келген еді.