FlyArystan Омбыға қатынайды

0
424

FlyArystan Рейсеймен қатар Грузияға, БАӘ, Өзбекістан мен Қырғыстанға тұрақты рейстерді орындап жатыр.


FlyArystan Омбыға қатынайды

FlyArystan отандық лоукостері Ресей Федерациясына тағы бір бағытта тұрақты рейстерге билет сатылымын ашық деп жариялайды. Лоукостер Нұр-Сұлтан-Омбы бағытында аптасына бір рет әр жұма сайын қатынайтын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бір бағыттағы билет құны, әуежай алымдарымен қоса есептегенде 16 999* теңгеден басталмақ. Билеттер 2022 жылдың наурызына дейінгі рейстерге FlyArystan мобилдік қосымшасында және әуетасымалдаушының сайтында қолжетімді.

«FlyArystan Новосібірге қатынауды бастаса, жақын арада Мәскеуге, ал қазір Омбыға ұшатын болады. Тарихи игілігіне орай Омбы мен Новосібір Қазақстанға жақын болып келеді. Сондықтан біз бұл өңірді біздің елордамызбен байланыстыруға қуаныштымыз. Қазақстандықтар FlyArystan-ның тікелей рейстері арқылы Омбыдағы ағайындарын, Новосібірге оқуға, сонымен қатар Мәскеуге жұмыс бабымен сапар шеге алады», - деп жаңалықтармен бөлісті FlyArystan-ның желілік жоспарлау директоры Ренат Абулханов.

FlyArystan Рейсеймен қатар Грузияға, БАӘ, Өзбекістан мен Қырғыстанға тұрақты рейстерді орындап жатыр.