Forbes Қазақстан тізіміне енген бизнесменнің мүлкі тәркіленеді

0
599

Халықаралық іздеуде жүрген бизнесмен Анатолий Балушкиннің (БИПЭК компаниялар тобының акционері) мүлкі тәркіленеді.


Forbes Қазақстан тізіміне енген бизнесменнің мүлкі тәркіленеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"2022 жылғы 11 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Анатолий Балушкинге қатысты іс бойынша сотқа 77 жылжымайтын мүлік ("Рахман қайнары", "Нұртау" және "Порт Фортуна" демалыс базалары) пен 1 мың жылжымалы мүлікті сотқа дейін тәркілеу туралы қолдаухат жолданды", - деп мәлімдеді комиссия.

Анатолий Балушкин туралы не білеміз

Балушкин 2020 жылғы желтоқсанда Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмені тізіміне енді. Сол кезде оның дүние-мүлкі 153 млн долларға немесе 65 млрд теңгеге бағаланған.
2020 жылы Балушкин басқарған "Азия Авто" автомобиль концерні дағдарысқа тап болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зауытпен ынтымақтастықты тоқтатып, компаниядан 10 жыл ішінде алған артықшылықтар мен жеңілдіктерді (405 млн доллар) қайтаруды талап етті.
Индустрия министрлігінің мәліметінше, компания өндірісті жаңғырту бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Сот талқылауларынан кейін Lada және Kia шетелдік серіктестері "Азия Авто" кәсіпорындарында автокөлік құрастыруды тоқтатты. Зауыттың екі мыңға жуық қызметкері жұмыссыз қалды.
2021 жылғы тамызда "БИПЭК Авто Қазақстан" АҚ мен "Азия Авто" АҚ акцияларының бақылау пакетінің иесі Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды. Сот "Алаяқтық" бабы бойынша оны қамауға алу туралы сырттай шешім шығарды.